Спорт

Веломаусымның соңғы стартына қосыл!

Астанада 26 қыркүйекте Еңбек күніне орай «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты велошеру өтеді. Іс-шара 2026 жылғы веломаусымның жабылуына арналып, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылады.

Велошеруге 700-ге жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар елорданың айналма веложолы арқылы Ильинка (Үркер) елді мекеніне дейін 25 шақырым қашықтықты жүріп өтеді.

Шара сағат 09:00-де басталады. Старт айналма веложолдың Қосшы бағытына қарай орналасқан бөлігінен беріледі. Ал мәресі «Жасыл белдеу» саябағында болады.

Қатысушыларға старттық нөмірлер 26 қыркүйекте сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін беріледі.

Велошеруге қатысу үшін тіркелу 22 қыркүйек күні сағат 09:00-де басталады. Өтінімдерді reg.elordasport.kz сайты арқылы беруге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button