Спорт
Адель Садақбаева Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Елордалық спортшы Адель Садақбаева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Айти және Нагоя қалаларында өткен әйелдер арасындағы стенд атудың «скит» бағдарламасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, екінші орын алды.
Ұлттық құрама сапында Адель Садақбаева, Әсем Орынбай және Зоя Пискун өнер көрсетті.
287 ұпай жинаған Қытай құрамасы алтын медальға ие болса, Үндістан командасы 266 ұпаймен қола жүлде алды.
Осылайша, елордалық спортшы Адель Садақбаева Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.



