Басты жаңалықМәдениет
Қайрат Нұртас стадионда ән салады, бірақ кей көшелер жабылады
27 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Астана Аренада» Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Осыған байланысты стадион маңындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Шектеу «Алау» мұз сарайы жағынан, яғни Марко Поло көшесі мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан, Месроп Маштоц көшесінде ұйымдастырылады.
Концертке келетін көрермендер үшін сағат 16:00-ден бастап төрт тұрақтан арнайы шаттл-бастар қатынайды. Көлікті тұраққа қалдырып, стадионға шаттл-баспен жетуге болады. Концерт аяқталған соң автобустар жолаушыларды қайтадан тұрақ орындарына жеткізеді.
Шаттл-бастар мына жерлерден жүреді:
- «Астана» циркі маңындағы тұрақ;
- «Әзрет Сұлтан» мешіті маңындағы тұрақ;
- Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені маңындағы тұрақ;
- «Нұр-Сұлтан» мешіті (Бас мешіт) маңындағы тұрақ.
Сонымен қатар көрермендер «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлік жүйесін пайдалана алады.
Қала әкімдігі концертке баратын тұрғындарға жол бағытын алдын ала жоспарлап, стадион маңындағы көлік кептелісін ескеру керегін ескертеді. Мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен немесе арнайы шаттл-бастармен барған жөн.



