Спорт
Астаналық боксшы Азия ойындарының чемпионы атанды

Астаналық боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды
Астаналық боксшы, әлем чемпионы Айбек Оралбай Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
90 келіден жоғары салмақтағы финалда Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы раундтарынан-ақ қазақстандық спортшы белсенділік танытып, дәл соққыларының арқасында басымдыққа ие болды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Айбек Оралбайға берді — 5:0.
Осылайша, Астана қаласының өкілі ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.



