Технология

MacBook аларда қалай таңдаймыз?

MacBook-ты жақсы білмесеңіз, қайсысын таңдаған дұрыс? 💻

Алғаш рет MacBook алатындарға Neo, Air және Pro модельдерінің айырмашылығын қысқаша түсіндірейік.

MacBook Neo – Apple экожүйесіне кірудің ең қолжетімді жолы. Браузер, құжаттар, оқу, фильм көру сияқты қарапайым жұмыстарға арналған. 8/256 ГБ нұсқасы 380 мың теңгеден басталады.

MacBook Air – көпшілікке қолайлы нұсқа. Жеңіл, жұқа, батареясы ұзақ жұмыс істейді және күнделікті әрі жұмысқа қатысты тапсырмалардың көпшілігіне жеткілікті қуатты. Желдеткіші жоқ, сондықтан дыбыссыз жұмыс істейді.

  • Air 13″ M5 16/512 ГБ – 777 мың теңгеден
  • Air 15″ M5 16/512 ГБ – 878 мың теңгеден

MacBook Pro – қуатты, бірақ қарапайым қолданушыға міндетті емес. Ол видео монтаж, графика, 3D, бағдарламалау сияқты ауыр тапсырмалармен тұрақты жұмыс істейтіндерге арналған.

  • Pro 14″ M5 – 1,07 млн теңгеден
  • Pro M5 Pro – 1,386 млн теңгеден

Қайдан алған дұрыс? Авторизацияланған сатушылардан алсаңыз, құрылғының шығу тегі, кепілдігі мен сервисі түсінікті болады. Ал басқа сатушыларда баға төмен болуы мүмкін, бірақ құрылғының аймағын, іске қосылған күнін және кепілдік шарттарын алдын ала тексерген жөн. Пернетақтаға кириллица кейін лазермен түсірілген болса, оның кепілдікке әсер етуі мүмкін екенін де нақтылап алған дұрыс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button