
🚆 «Нұрлы жол» вокзалында жеке Study Nest кабиналары пайда болды
Енді вокзалда жұмыс істеуге, кітап оқуға, телефонмен сөйлесуге, смартфонды қуаттауға немесе жай ғана 30 минутқа вокзалдағы қарбаластан «қашып кетуге» болады.
Тыныштықтың бағасы: 30 минутқа — 500 теңге, 1 сағатқа — 1000 теңге. Төлем QR арқылы жасалады.
Енді осындай кабиналарды автобустарға, ХҚКО-ларға және сауда орталықтарына қойса болды — инфрақұрылым мәселесі толық шешілді дей беруге болады.



