
🎨 Алматы ауданында ешкімге керексіз «халық шығармашылығын» өшіріп жатыр
Астананың Алматы ауданында ғимараттардың қасбеттері мен басқа да қалалық нысандардағы заңсыз граффити, есірткі жарнамасы және әдепсіз жазулар тұрақты түрде өшірілуде.
Тұрғындар мұндай «өнер туындылары» қайта пайда болған жағдайда, тиісті қызметтерге хабарлауды сұрайды.
Қысқасы, тарихта із қалдырғыңыз келсе, подъезд қабырғасына маркермен жазып кетпеген дұрыс.



