ҚоғамМәдениет

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қалай қолдау көрсетіледі?

Жұмыспен қамтудан оңалтуға дейін: Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қалай қолдау көрсетіледі?

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бұл дата тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әр адамның өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасаудың маңызын еске салады. Бұл туралы Kazinform ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгінде Қазақстанда 756 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 120 мыңы – балалар, ал 636 мыңы – ересектер. Бұл сандардың артында өз арманы, таланты, кәсіби жоспары мен жетістігі бар адамдар тұр.

Қазір мүгедектігі бар азаматтар елдің қоғамдық және кәсіби өміріне белсенді араласады. Олар кәсіпкерлікпен айналысып, қоғамдық қызметке қатысады, саясатта, спортта, шығармашылықта және басқа да салаларда жетістікке жетіп жүр.

Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – мүгедектігі бар адамдардың өз өміріне тікелей әсер ететін шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысуы. Олардың сараптамалық пікірі азаматтардың нақты қажеттіліктерін ескеруге және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі мемлекеттік саясат әлеуметтік төлемдер мен оңалтудан бастап, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге дейінгі кең ауқымды шараларды қамтиды.

Бұл бағыттағы негізгі міндеттер Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасында айқындалған. Құжат адамның құқық теңдігіне, дербестігіне және шешім қабылдау үдерісіне қатысуына басымдық береді.

Сонымен қатар білім алуға, жұмысқа орналасуға, инфрақұрылымға, ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button