Басты жаңалықСпорт
Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен WTT China Youth Smash халықаралық жастар турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандық спортшы U19 санатында өнер көрсетіп, жарыс барысында алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға шықты.
Жартылай финалда ол Қытай өкілі У Ифэйді тартысты ойында 4:3 есебімен жеңді.
Финалда Алан тағы бір қытайлық спортшы Тан Ижэньмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирді екінші орынмен аяқтады.



