CаясатБасты жаңалық
Бүгін Үкімет отырысы өтеді

13 қазан, сейсенбі күні сағат 15:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы қаралады.
Отырыстан кейін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:
- ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин;
- ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев;
- ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов;
- ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.
Үкімет отырысын PrimeMinister.kz сайтынан, ресми YouTube арнасынан, Facebook әлеуметтік желісінен және UKIMET Telegram-арнасынан тікелей эфирде көруге болады.



