Бейбітшілік пен келісім саябағының екінші кезеңі басталды

Бейбітшілік пен келісім саябағының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр
Астанада Бейбітшілік пен келісім саябағының екінші кезеңін іске асыру жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында классикалық бақ пен қалалық орманның ерекшеліктері үйлестіріледі.
Классикалық бақ аумағында симметрияға, нақты геометриялық пішіндерге және жасыл желектерді үйлесімді орналастыруға басымдық беріледі. Ал қалалық орман бөлігінде ағаштар мен өсімдіктерді қалың отырғызып, табиғи орта қалыптастыру көзделген.
Саябақ аумағына ірі ағаштар отырғызылып, серуендеуге арналған жолдар салынуда. Кейбір жолдарға ұсақ тас төселіп, арнайы тұрақтандырғыш тор қолданылады. Бұл жабынның табиғи қалпын сақтауға мүмкіндік береді.
Ағаштар өскен сайын саябақтың жасыл желегі қалыңдап, көлеңкелі әрі көрікті демалыс орнына айнала түседі.



