
Астананың Орталық саябағында арбада отырып-ақ жақындауға болатын тренажёрлар пайда болды. Қалада инклюзивті орта қалыптасып келе жатқаны қуантады.
Жаңа алаңда қол мен аяққа арналған жаттығу және оңалту құрылғылары, сондай-ақ Бубновский кроссовері орнатылған. Енді ашық аспан астында жаттығуға болады.
📍 Амфитеатр мен The St. Regis Astana қонақүйінің арасында.
Қалалық инфрақұрылымның шынымен де баршаға қолжетімді бола бастағаны қуантады.



