Қоғам
Қазақстанда шығарылған жолаушылар вагоны

🚆 Қазақстанда жаңа жолаушылар вагондары қарашада жолға шығуы мүмкін
Қазақстанда шығарылған жаңа жолаушылар вагондарын қараша айында бағыттарға қосу жоспарланып отыр. Алайда техникалық ескертулер мен қосымша тексерулерге байланысты іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген.
Қазір вагондардың тежеу жүйесі мен қауіпсіздігі қосымша сынақтан өтіп жатыр.
Бүгінде 75-тен астам вагон қабылданған. Алғашқы болып Астанадан Алматы, Семей, Шымкент және Атырау бағыттарындағы пойыздар жаңартылады деп күтілуде.
2030 жылға дейін барлығы 557 вагон шығару жоспарланған.
Әзірге «жақында жолға шығады» деген хабардың «есіктер жабылады, келесі аялдама…» деген хабарға қашан ұласатынын күтеміз.



