ҚоғамЭкономика

Қазақстанда азық-түлік бағасы екінші ай қатарынан арзандап жатыр

 

Қазақстанда азық-түлік инфляциясы −0,1% деңгейінде сақталды. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жыл басынан бері 1,8%-ға қымбаттаған. Былтыр бұл көрсеткіш 8,3% болған.

Бір апта ішінде қант бағасы 2,4%-ға, пияз 1,7%-ға, алма мен сәбіз 0,9%-ға, күріш 0,5%-ға, қой еті 0,4%-ға арзандады.

Алайда күн суытуына байланысты қияр 4,6%-ға, қырыққабат пен қызанақ 3,7%-ға, картоп 2,4%-ға қымбаттаған.

27 қазанға дейін еліміздегі 649 дүкенде Bereke Fest және Республика күніне арналған акциялар өтеді. Науқан аясында тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button