Қоғам

LRT жүйесінде жұмыс істегіңіз келе ме?

LRT жүйесінің іске қосылуын Астаналықтар асыға күтіп жүр. Жер үсті метросының жолаушыларды тасуына аз уақыт қалды. Ал қала тұрғыдары мен қонақтарға қызмет көрсету үшін әрине мамандар қажет.  CTS “City Transportation Systems” компаниясының хабарлауы бойынша LRT жүйесін жұмыспен қамтамасыз ету үшін басқарушы және техникалық мамандарды жұмысқа шақырады. Оның ішінде станция кезекшілері мен басшылары, диспетчерлер, дабыл және байланыс мамандары, электромонтерлер, жол учаскесі шеберлері мен дәнекерлеуші және қойма меңгерушілері қажет. Егер сіздің техникалық бағытта  жоғары немесе орта арнайы біліміңіз және кемінде екі жылдық жұмыс өтіліңіз болса жеткілікті көрінеді.

Барлық қызметкерлер жұмыс берушінің есебінен Қазақстан мен Қытайда білім алады. Оқу бағдарламасы 4 айдан 6 айға дейін созылады. Курсты аяқтаған қатысушыларға халықаралық деңгейдегі сертификаттар беріледі және олар жұмысқа орналасады.

Бұған дейін 29 LRT қызметкері оқытудың бірінші модулін сәтті аяқтапты. Сіз де бақ сынап көрсеңіз болады. Түйіндемеңізді https://cts.gov.kz/ru ресми сайты арқылы жіберуге болады.

Байланыс нөмірі: +7 (7172) 577 177

Басқа жаңалықтар

Back to top button