Біздің балалар Римнен 40 медаль алып келді

2025 жылдың 21-25 қараша күндері Италияның Рим қаласында өткен Fibonacci International Robot Olympiad әлемдік финалына әлемнің 18 елінен 623 команда қатысты. Жарысқа робототехника бағытында үздік жобаларын ұсынған жас таланттар жиналған. Соның ішінде Қазақстан құрамасы биыл ерекше жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Fibonacci International Robot Olympiad — әлемдік деңгейдегі ең беделді робототехника жарыстарының бірі. Бұл платформада оқушылар инженерия, бағдарламалау, механика, шығармашылық және ғылыми ойлау қабілеттерін көрсетеді. Елімізден олимпиадаға 59 команда, 96 оқушы қатысып, нәтижесінде:
- 19 алтын
- 13 күміс
- 8 қола
- 12 “Jury Award” мотивациялық марапатын жеңіп алды.
Бұл Қазақстанның халықаралық робототехника аренасындағы беделінің өсіп келе жатқанын дәлелдейтін айқын көрсеткіш. Еліміздің жалпы нәтижесіне ерекше үлес қосқан — Астана командалары. Олар:
- 17 алтын
- 7 күміс
- 3 қола
- 5 “Jury Award” марапатына ие болды.
Астаналық оқушылардың мұндай жоғары жетістігі қаладағы білім беру сапасының, инженерлік және техникалық бағыттарды дамытуға жасалып жатқан қолдаудың нәтижесін көрсетеді. Қазақстандық жастардың жетістігі — елдегі STEM-білімнің жыл сайын дамып, жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанының айғағы.



