Абайлаңыз, алаяқтар: тегін электр есептегіш құрылғысын қондырамын деп теңгеңізден айырылып қалмаңыз

Астана қаласы полиция департаментінің хабарлауынша онлайн-алаяқтар енді қала тұрғындарына өздерін «Астана АЭК» АҚ компаниясының қызметкеріміз деп таныстырып тұрғындарды алдап жүр дейді. Олар электр есептегіш құрылғысын тегін ауыстырамыз деген жалған уәдемен «1414» номерінен смс жіберіп арнайы код сұрайды.
Ал «Астана АЭК» АҚ компаниясы өз тұтынушыларынан ешқашан смс код сұрамайтынын және көпқабатты пәтер иелерінің электр есептегіш құрылғысын тегін орнатпайтынын хабарлады.
Полиция департаменті тұрғындарға жеке банк шоттарыңыздағы қаражатыңыздан айырылып қалмау үшін бөтен адамдарға жеке деректеріңізді таратпауға, және ешқандай смс кодтарға жауап бермеуді ескертеді және егер сіздің пәтеріңізге келіп электр есептегіш құрылғысын ауыстырамыз деген жағдай болса бірден 102 ге қоңырау шалуыңызды ескертеді.



