«Олимпиакос» командасының ойыншылары Астанаға келді

Футбол жанкүйерлері 9 желтоқсан күні«Астана-арена» стадионында жиналады. Өйткені сағат 20:20-да Грекиялық «Олимпиакос» командасының футболшылары UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Кайратпен» кездеседі.
«Олимпиакос» командасы «Кайратпен» ойыналдында төмендегі құрамын жариялады.
Қақпашылар: Николаос Ботис, Георгиос Кураклис, Константинос Дзолакис;
Қорғаушылар: Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Алексиос Калогеропулос, Коштинья, Родиней, Бруно Оньемаечи;
Жартылай қорғаушылар: Диогу Насименту, Желсон Мартинш, Дани Гарсия, Лоренцо Шипиони, Чикиньо, Габриэль Стрефецца, Сантьяго Эссе, Даниэл Поденсе, Ставрос Пневмонидис Христос Музакитис;
Шабуылшылар: Аюб эль-Кааби, Роман Яремчук, Мехди Тареми.
Кездесуде испаниялық Хуан Мартинес бас төреші қызметін атқарса, оған Рауль Кабаньеро мен Иньиго Прието көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Хавьер Альберола.
«Олимпиакос» 1925 жылы құрылған. Өз елінде 48 мәрте чемпион болған грекиялық клуб рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Алматылық команда Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде бір ұпаймен 35-орында келеді. Аталған турнирде «Қайрат» португалиялық «Спортингтен» 1:4, испаниялық «Реал Мадридтен» 0:5, италиялық «Интерден» 1:2, даниялық «Копенгагеннен» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал кипрлік «Пафос» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.
«Олимпиакос» командасы болса турнирлік кестеде 2 ұпаймен 33-орында келеді. Бұған дейін кипрлік «Пафоспен» 0:0, нидерландтық ПСВ клубымен 1:1 есебімен тең түссе, англиялық «Арсеналдан» 0:2, испаниялық «Барселонадан» 1:6, испаниялық «Реал Мадридтен» 3:4 есебімен жеңілді.
Бұған дейін грекиялық команда қазақстандық «Астана» командасымен 2016 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде 1:1, 4:1 есебімен екі мәрте кездескен.
Кездесуді «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.



