Мәдениет

Астанада ALPHA тобының жанкүйерлерімен жаңа жылдық FAN MEETING өтеді

ALPHA тобының Астаналық жанкүйерлері үшін керемет жаңалық! Дәл үш күннен кейін, 14 желтоқсанда, қалада қазір жастар арасында кеңінен танымал поп орындаушылары ALPHA тобы жанкүйерлерімен арнайы FAN MEETING өткізеді.

Жылы атмосферада өтетін, жаңа жыл қарсаңындағы ерекше кездесу. Фанаттар сүйікті әртістерімен бірге ән шырқап, суретке түсіп, есте қаларлық естелік жинайды. Топ мүшелері жанкүйерлеріне керемет көңіл күй сыйлап, жаңа жылдық мерекелік энергия таратуды мақсат етеді.

Тек осы фан-кездесуде ALPHA тобы өздерінің жаңа синглі — “WTA (What You Talk About)” әнін live форматында алғаш рет орындайды. Бұл жанкүйерлер үшін үлкен сый болмақ.

Күні: 14 желтоқсан
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Astana, Nazarbayev University, Block C3 — Red Hall

Билет түрлері

VIP билеті:
— Кіру билеті
— Арнайы орындар
— Білезік
— Саундчекке қатысу
— Бөлек фан-митинг
— Автограф сессия
— Топпен фото
Кіргізу уақыты: 13:30

BASIC билеті:
— Кіру билеті
— Фан-митинг
— Автограф сессия
— Топпен фото
Кіргізу уақыты: 16:00

Билеттер: sxodim.com сайтында қолжетімді.


Жанкүйерлерді ALPHA тобы жылы қарсы алып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға шақырады. Музыка, эмоция, жақын қарым-қатынас — бәрі осы кеште.
Love&Peace!

Басқа жаңалықтар

Back to top button