Астанада IT саласында тегін оқуға керемет мүмкіндік

Tech Orda мемлекеттік бағдарламасы аясында IT-мамандықтарға тегін оқуға қосымша өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаға 18–45 жас аралығындағы кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.
Әр студентке берілетін грант көлемі — 500 000 теңгеге дейін.
Қандай бағыттар бар:
-
UX/UI-дизайн
-
Жасанды интеллект
-
Product management (өнім менеджменті)
-
GameDev
-
Data Science
-
Деректерді талдау
-
Инжиниринг
-
Бағдарламалау
-
Мобильді қосымша әзірлеу
-
Киберқауіпсіздік
Бағдарламада жаңадан бастаушыларға да, тәжірибесі барларға да арналған курстар бар.
Оқу форматы — онлайн немесе офлайн (бағытқа байланысты).
Оқу ұзақтығы — бірнеше ай.
Маңызды:
-
Tech Orda бағдарламасына 41 IT-мектеп қатысады
-
Бір адам 5 мектепке дейін өтінім бере алады (өту мүмкіндігі артады)
-
Алайда грант тек бір курсқа ғана беріледі
-
Өтінім қабылдау 31 желтоқсанға дейін
Өтінім беру сілтемесі: мұнда



