«Қазақстан мұғалімдері»: TikTok елдегі ең үздік әрі шабыт беретін педагогтарды анықтады

Қысқа бейнероликтер жасау және көру бойынша жетекші платформа TikTok жыл сайын ұйымдастыратын #УчителяКазахстана байқауының қорытындысын жариялады. Биыл жоба төртінші рет өткізіліп, Қазақстанның барлық өңірлерінен мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары мен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын біріктірді. Байқау педагогтардың цифрлық ортада білім берудің жаңа форматтарын дамытып, оқытуды қызықты, қолжетімді әрі заманауи етуге зор үлес қосып жүргенін айқын көрсетті.
Жоба Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Салалық ведомстволармен әріптестік бұл бастаманың елдегі цифрлық білім беру контентін дамытудағы стратегиялық маңызын және мұғалімдердің осы үдерістегі жетекші рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Төрт жыл ішінде «Қазақстан мұғалімдері» байқауы TikTok-та белсенді әрі ықпалды педагогтар қауымдастығын қалыптастырды. Осы уақыт аралығында қазақ және орыс тілдерінде шамамен 100 мыңға жуық танымдық бейнеролик жарияланып, олар миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленді. Қысқа форматта күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті жеткізуге болатынын дәлелдеген ұстаздар білімге деген қызығушылықты жаңа деңгейге көтерді. Алдыңғы жылдардың жеңімпаздары да кең аудиторияның қолдауына ие болып, олардың видеолары ондаған және жүздеген мың қаралым жинады.
Биыл байқау қорытындысы бойынша мазмұны сапалы, әдістемелік тұрғыдан құнды әрі креативті ұсынылған оқыту видеоларының авторлары жеңімпаз атанды. Олардың қатарында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мирлан Джусамбаев, Шымкенттегі №25 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мәди Райымбек және Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Әсем Рахимова бар. Әрқайсысы өз пәнін ерекше форматта түсіндіріп, мыңдаған оқушы мен студентке шабыт сыйлап келеді. Жеңімпаздар TikTok қауымдастығы үшін сапалы әрі кәсіби контент жасауға мүмкіндік беретін құнды сыйлық — iPhone 17 смартфонымен марапатталды.
TikTok-тың Түркия, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар атап өткендей, бұл жоба мұғалімдердің цифрлық дәуірдегі рөлінің жаңа қырын ашады. Бүгінде қазақстандық педагогтар тек сыныпта ғана емес, онлайн кеңістікте де миллиондаған қолданушыны шабыттандырып, білімді баршаға қолжетімді әрі қызықты етуге үлес қосып келеді.



