Білім
Астанада 2026 жылы тағы 13 мектеп салынады
Астана қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Соңғы жылдары елордада 109 мың оқушы орнына арналған 44 мектеп пайдалануға берілген. Оның 23-і Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Ал биылғы оқу жылы басталғалы бері тағы 9 жаңа мектеп ашылды.
2026 жылы елордада қосымша 13 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, білім ордаларының аумағын абаттандыруға ерекше назар аударылады.
Ұзақмерзімді жоспарға сәйкес, 2035 жылға дейін Астанада 138 жаңа мектеп салу көзделген. Бұл — қаладағы білім сапасын арттыруға және оқушы орындарының тапшылығын азайтуға бағытталған маңызды қадам.



