Басты жаңалықМәдениет

Еркіндік, батылдық, өнер: Äiel Tizginde 2026 байқауы басталды

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының Äiel Tizginde жобасы биыл жаңа деңгейге шығып, республикалық байқау форматында өтеді.

Іріктелген жұмыстар Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұсынылады. Байқаудың жалпы жүлде қоры — 3 000 000 теңге, ал I орын иегері 1 000 000 теңге алады.

Қазылар алқасының құрамында өнер мен мәдениет саласындағы танымал тұлғалар бар:

  • қазақстандық өнертанушы, профессор, елдің мәдениеті мен біліміне зор үлес қосқан Ольга Батурина;

  • модель, дизайнер, креативті қауымдастықтың жарқын өкілі Айя Шалқар;

  • белгілі қазақстандық фотограф Оспан Әли, сондай-ақ шығармашылық индустрияның басқа да өкілдері.

Байқаудың мақсаты — әйелдің стереотиптік бейнесі мен оның шынайы болмысы арасындағы қайшылыққаавторлық көзқарас ұсыну. Қоғам үйренген образ емес, нақты әйел: күшті, батыл, қайшылықты, еркін, өз үнін жасырмайтын тұлға.

Жұмыстардың форматы шектелмейді:
кескіндеме, фотография, видео-арт, перформанс, мүсін және басқа да шығармашылық бағыттар қабылданады.

Байқауға 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Тіркелу мына сайтта ашық: aieltizginde.allur.kz/2026

Еске сала кетейік, соңғы екі жылда Allur компаниясының Äiel Tizginde (“Әйел тізгінде”) жобасы пилоттық фотожобадан ауқымды мәдени бастамаға дейінгі жолдан өтті.

  • Алғашқы жылы қозғалысты өмір салтына айналдырған әйелдер басты кейіпкер болды.

  • 2025 жылы Äiel Tizginde классикалық қазақ кескіндемесі мен заманауи фотографияны біріктіріп, өткен мен бүгіннің арасындағы визуалды диалогты қалыптастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button