
28 қаңтар күні №35 Нәзір Төреқұлов атындағы мектеп-лицейінде бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азияның 3 дүркін чемпионы, әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері Василий Левит оқушылармен жүздесті.
«Заң және тәртіп» акциясы аясында өткен кездесуде спортшы жастарға спорт пен білімді қатар алып жүрудің маңызын айтып, заңды сақтауға шақырды. Ол өз өмір жолынан мысал келтіріп, дұрыс мақсат қою табысқа жетудің басты кілті екенін атап өтті.
Кездесу барысында оқушылар боксшыға спорттағы жолы, Олимпиада ойындары және өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтар қойды. Василий Левит барлық сауалдарға ашық жауап беріп, жастарға мотивация сыйлады.
Шара соңында танымал спортшы оқушылармен естелік суретке түсіп, қолтаңба қалдырды.



