Білім

Елорда оқушысы мектеп дәретханаларындағы қауіпсіздікке арналған ақылды жүйе ұсынды

Астана қаласындағы №49 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы Рүстемұлы Әділхан білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған инновациялық жоба әзірледі. Ол мектеп дәретханаларына орнатуға болатын жасанды интеллектке негізделген камера жүйесін ұсынды.

Жүйе оқушылар арасындағы төбелес пен әлімжеттік сияқты құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне хабар береді. Камера тұрақты түрде жазба жүргізбейді — тек күмәнді әрекет тіркелген сәтте ғана іске қосылады.

Жобаның басты ерекшелігі — оқушылардың жеке өмірінің қорғалуы. Камера бейнені тануға келмейтін түрде өңдеп көрсетеді және әдепке қайшы көріністерді түсірмейді.

Қазіргі таңда жоба талқылау кезеңінде. Бұл бастама болашақта мектептерде қауіпсіз әрі заманауи бақылау жүйесін енгізуге мүмкіндік беруі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button