Мәдениет
«Әдемі» деректі фильмінің көрсетілімі

«Әдемі» деректі фильмінің көрсетілімі және Impact Voices бірегей порталының тұсаукесері.
Бұл — жай ғана кино емес. Бұл — қызының диагнозымен бетпе-бет келген ананың ішкі жолы, жауап іздеу сапары. Фильм ананың сезімдік өзгерісін шынайы түрде баяндайды: жан түршіктірер қорқыныштан бастап, терең қабылдауға дейін, ал ол қабылдау — нағыз ерліктің көрінісі.
Кеш бағдарламасы:
• «Әдемі» деректі фильмінің көрсетілімі (38 минут) — режиссері Фариза Танай.
• Impact Voices таныстырылымы — Орталық Азиядағы ерекше балалардың отбасыларына арналған алғашқы портал.
📅 Күні: 8 ақпан
🕛 Уақыты: 12:00
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, ORTA Community
(Мәңгілік Ел даңғылы, 41/1)



