Білім

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматы өзгеріссіз қалады. ҰБТ жылына бес рет өткізіледі: қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы, мамыр-шілде – негізгі ҰБТ. Тапсырмалар саны 120, ең жоғары балл – 140. Шекті балл жоғары оқу орындары бойынша 50–75 балл аралығында.

Талапкерлерге кәсіби бағдар алу үшін edunavigator.kz платформасы және ресми сайтта дайындық материалдары ұсынылған. Тестілеу кезінде калькулятор мен кестелер қолжетімді, ерекше қажеттіліктері барларға қосымша уақыт беріледі.

2026 жылғы қаңтардағы Астана ҰБТ-ға 15,2 мың талапкер қатысты. 63%-ы қазақ тілінде, 37%-ы орыс тілінде тест тапсырды, 37 оқушы ағылшын тілін таңдады. Орташа нәтиже – 66 балл, ең жоғары – 138 балл. Ереже бұзушылықтар 37 жағдайда тіркелді, 26 талапкер тестілеуден шеттетілді.

Наурыз айындағы ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Астанада шамамен 17 мың талапкер қатысады. Өтініштер 15–25 ақпан аралығында қабылданды. Талапкерлер өздері тест тапсыратын орынды, күн мен уақытты таңдай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button