Спорт

Астанадағы ел чемпионатында елордалық балуандар екі қола иеленді

Астана қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер (U17) және жастар (U20) арасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатының алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен жүлдегерлер анықталды.

Бозкілемге шыққан жас балуандар тартысты белдесулер өткізіп, өзара мықтыны айқындады. Нәтижесінде елордалық спортшылар екі қола медальға қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сұлтан Мәулітқанов қола жүлдеге ие болса, жастар арасында 87 келіде белдескен Қайсар Қайрат та тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Жалпы біріншілікке еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам жас балуан қатысуда. Бұл дода — жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндік алаңы. Әр салмақ дәрежесінде топ жарған балуандар Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қосылып, алдағы халықаралық және ресми жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, ел чемпионаты алдағы күндері әйелдер күресі мен еркін күрес бәсекелерімен жалғасады. Қазақстан біріншілігі Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені ғимаратында өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button