Мереке қарсаңында қайда барса болады?

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елорданың мәдениет ошақтарында ауқымды мерекелік бағдарламалар өтеді. 5–8 наурыз аралығында тұрғындар мен қонақтарға театр қойылымдары, концерттер мен балет кештері ұсынылады.
5 наурыз
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
Сағат 19:00-де көрермен назарына «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасын ұсынады. Махаббат тақырыбындағы бұл сахналық туынды ұлттық классикаға негізделген.
Astana Opera
Сол күні сағат 19:00-де «Алан Бөрібаевпен концерт-әңгіме» кеші өтеді. Бағдарламада белгілі дирижердің қатысуымен классикалық музыка мен шығармашылық сұхбат форматындағы ерекше кездесу ұйымдастырылады.
6 наурыз
Астана концерт залы. «Жігіттер» тобының мерекелік концерті.
Топтың 20 жылдығына арналған мерекелік музыкалық шоу өтеді. Көрермендер сүйікті хит әндерді жанды орындауда тыңдай алады.
Мемлекеттік «Наз» би театры «Аяулы ана» концерттік бағдарламасы. Басталуы сағат 19:00-де. Бағдарламада аналарға арналған хореографиялық композициялар мен ұлттық би нөмірлері ұсынылады.
Astana Ballet Гала-балет (6–7 наурыз).
Халықаралық әйелдер күніне арналған гала-кеште классикалық және заманауи хореография үлгілері, дуэттер мен үздік балет қойылымдарынан үзінділер көрсетіледі.
8 наурыз
Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» спектаклін ұсынады.
Қойылым сағат 14:00 және 19:00-де өтеді. Танымал шығарманың сахналық нұсқасы көрерменге әсерлі драмалық атмосфера сыйлайды.
Astana Golf Club та «Music about Love» – шам жарығындағы атты концерт сағат 18:00-де басталады. Филармониялық форматтағы бұл кеште сүйіспеншілік туралы әсем әуендер live форматта орындалады.
Жастар театрында сағат 19:00-де «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерт-бағдарламасы өтеді. Музыка мен театр элементтері үйлескен романтикалық кеш мерекелік көңіл күй сыйлайды.

