Қоғам

Алматы ауданында SOS батырмалары қойылды

Елордадағы Алматы ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің аппараты қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жұмыстарын жалғастыруда.

Бұған дейін ауданда 4 SOS жедел шақыру батырмасы орнатылған болатын. Қосымша тағы 2 заманауи құрылғы іске қосылып, олардың жалпы саны 6-ға жетті.

SOS батырмалары келесі мекенжайларда орналасқан:

  • Астаналық саябағы
  • Жастар саябағы
  • Жерұйық саябағы
  • Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы аумағы
  • Гүлжан сауда орталығы (Абылай хан даңғылы)
  • Ш. Құдайбердіұлы көшесі, №52 мектеп маңы

SOS батырмалары өмірге, денсаулыққа немесе қоғамдық тәртіпке қауіп төнген жағдайда жедел көмек шақыруға мүмкіндік береді. Дабыл сигналы бірден «102» арнасына түсіп, полициямен жылдам байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.

SOS батырмаларын орнату құқықбұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Алматы ауданы әкімінің аппараты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button