«Бонапарттың үйленуі»: күлкі арқылы қоғамға қойылған сауал
Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлтттық музыкалық драма театры Д.Исабековтың шығармасы желісімен тағы бір комедияны репертуарына қосты. Көрерменге жол тартқан «Бонапарттың үйленуі» – бүгінгі қоғамның болмысын астарлы әзілмен ұсынған қойылымдардың бірі. Спектакль адам бойындағы мінез-құлық, отбасы құндылығы, даңғаза мен дарақылық, шынайылық пен жасандылық сынды тақырыптарды жеңіл юмормен өрбітеді.
Қоюшы режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Ұзаков, ал қоюшы суретші «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шынар Елембаева.
Спектакльдің мазмұны – бір ғана отбасының емес, тұтас қоғамның бейнесін байқауға болады. Күлкі арқылы көрерменге «Біз қай бағытта бара жатырмыз?» деген сауал тасталады.
Шығармашылық топтың еңбегі де ерекше атап өтуге тұрарлық. Дыбыс режиссері, жарық қоюшы суретші және режиссер ассистенттері қойылымның мазмұнын толықтыра түсіп, сахналық атмосфераны әсерлі еткен.
«Бонапарттың үйленуі» – жай ғана күлкі үшін қойылған спектакль емес. Бұл – қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізіп, терең ойға жетелейтін туынды. Қойылым әр көрерменге өзін сырттай бақылап, өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Күлкі мен сын, шынайылық пен астар үйлескен бұл комедия театрсүйер қауымның көңілінен шығары сөзсіз. Қойылым прьемерасы 3-4 наурыз күндері өтті.
Бонапарттың не қатысы бар? Дөржан көке неге той алындағы жоспарды өзгертті? Бір отбасындағы той алдындағы дайындық қалайша қоғамның байқалмайтын кемшілігін сипаттап берді? Бұл сұрақтардың жауабын театрға барып бір күліп, бір ойланып барып табасыз.



