Басты жаңалық

8 наурызға орай ең тиімді акциялар топтамасы

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстанда түрлі компаниялар мен сервистер арнайы жеңілдіктер мен бонустар ұсынып жатыр. Бұл күнді ерекше атап өтіп, жақындарыңызды қуантқыңыз келсе, төмендегі тиімді ұсыныстарға назар аударуға болады.

Kaspi – 10% бонус
Kaspi Red+ арқылы серіктес дүкендерде төлем жасаған кезде 10% бонус есептеледі. Акция киім, аяқ киім, косметика (соның ішінде «Золотое яблоко» дүкені) және сауда орталықтарындағы балалар тауарларына қолданылады. Ұсыныс 9 наурызға дейін жарамды.

Freedom – Apple техникасына 15% кэшбэк
Freedom картасымен Mastercard арқылы Apple техникасын сатып алғанда 15% кэшбэк беріледі. Акция Freedom Mobile, iSpace, «Технодом», Sulpak және «Мечта» дүкендерінде жарамды.

Bas Taxi – әйелдерге тегін жол жүру
Алматы қаласында 8 наурыз күні Bas Taxi қызметі барлық әйелдерге тегін сапар сыйлайды. Көлікті мобильді қосымша арқылы шақыруға немесе сауда орталықтарының маңынан табуға болады.

FARШ – сыйлық бокс
8 наурыз күні FARШ мейрамханаларында кез келген бургерге тапсырыс берген қонақтарға Uriage брендінің сыйлық боксі беріледі. Акция жеткізуге емес, тек мейрамхана ішінде тапсырыс жасағанда қолданылады. Ұсыныс Алматы мен Астанадағы барлық нүктеде өтеді.

ФК «Астана» – әйелдерге тегін билет
8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге ASTANA – JETISU матчының билеттері тегін ұсынылады. Сонымен қатар матч кезінде ауызашарға арналған су мен құрма таратылмақ.

Geely және Hyundai – автокөліктерге жеңілдік
Автосалондарда да арнайы ұсыныстар бар. Мысалы, Geely Atlas көлігі 11 290 000 теңгеден, ал Hyundai Tucson 12 591 600 теңгеден басталатын жеңілдікті бағамен сатылып жатыр.

Arbuz.kz – қызғалдақтарға тиімді ұсыныс
Алматыда Arbuz.kz сервисінде 15 және 25 данадан тұратын қызғалдақ букеттері жеткізіліммен ұсынылуда. Freedom SuperApp арқылы тапсырыс беріп, кэшбэк қолданғанда 25 қызғалдақтағы бір гүлдің бағасы шамамен 521 теңгеге шығады. Сонымен қатар E33F5B және WKL6HQY6 промокодтары алғашқы 8000 теңгеден жоғары тапсырысқа қосымша 2000 теңге кэшбэк береді.

ForteMarket – 15 000 теңге жеңілдік
SALE15000 промокоды арқылы 150 000 теңгеден жоғары сатып алуларға 15 000 теңге жеңілдік беріледі. Акция 9 наурызға дейін жарамды. Сонымен қатар осы айда Forte картасымен төлем жасағанда 20% кэшбэк есептеледі.

Halyk Market – 3000 теңге жеңілдік
POSTOMAT промокоды кез келген 15 000 теңгеден жоғары тапсырысқа 3000 теңге жеңілдік береді. Төлемді карта арқылы немесе 12 айға дейін бөліп төлеумен жасауға болады. Акция 31 наурызға дейін жалғасады.

Әлеуметтік төлемдер
8 наурыз мерекесіне орай Қазақстанның кейбір өңірлерінде көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Төлем мөлшері 2–5 АЕК (8 650 – 21 625 теңге) аралығында. Бұл көмек «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағын алған аналарға және «Ана даңқы» орденімен марапатталған әйелдерге арналған.

Осындай акциялар мен ұсыныстар мереке күндері сатып алуды тиімді етіп қана қоймай, жақын жандарды қуантудың жақсы мүмкіндігіне айналып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button