Мәдениет
Қажымұқан тағдыры сахнада: тарихи драманың премьерасы
12–13 наурыз күндері Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өміріне арналған биографиялық тарихи драманың премьерасы өтеді. Қойылым ұлт мақтанышының 155 жылдық мерейтойына орай көрерменге ұсынылады.

Жаңа спектакльде Қажымұқан Мұңайтпасұлының күреске толы өмір жолы, қайсар мінезі мен елге деген сүйіспеншілігі театр тілі арқылы бейнеленеді. Қойылымда оның балалық шағындағы қиындықтар, палуан ретінде қалыптасуы, Еуропадағы күрес жолы және халыққа қызмет ету жолындағы тағдырлы таңдауы көрініс табады.
Сахналық туындыда күш пен адамгершілік, намыс пен агрессия арасындағы күрделі тартыс терең ашылып, көрермен тарихи тұлғаның тек ерлік жолын ғана емес, ішкі жан дүниесін де сезіне алады. Қойылымда кейіпкерлердің екі құрамы кезекпен өнер көрсетеді.
Спектакль авторлары – Наурызбай Асылбек пен Қазыбек Аманжол. Қоюшы режиссері – Жақсығали Ақниет.



