Қоғам

 LRT жүйесіне жұмысқа қабылдау жалғасуда

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосуға дайындық аясында бірнеше бос жұмыс орнына қызметкерлер қабылдау жалғасуда. Атап айтқанда, платформа бойынша кезекші және LRT кассирі лауазымдарына мамандар іздестірілуде.

Платформа бойынша кезекші

Бұл лауазымға үміткерлерге жоғары немесе арнайы орта білім талап етіледі. Егер үміткердің көлік саласында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болса, арнайы орта білім жеткілікті. Сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін білу артықшылық болып саналады.

Негізгі міндеттеріне жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жабдықтардың жұмысын бақылау, платформадағы жолаушылар ағынын реттеу және қоғамдық тәртіпті сақтау кіреді.

Жұмыс беруші тарапынан 1 айлық оқу курсы қарастырылған. Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы болса, жұмысқа орналасқаннан кейін ауысымдық кесте енгізіледі. Қызметкерлер ресми түрде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылданады.

LRT кассирі

Кассир лауазымына жоғары немесе орта арнаулы білімі бар (бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика немесе гуманитарлық бағыттар бойынша) және кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар үміткерлер шақырылады. Үміткерлер «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын меңгерген, есептілік жүргізу дағдылары болуы тиіс.

Кассирлер жолаушыларға тарифтер, жеңілдіктер мен жол жүру шарттары туралы ақпарат береді, көлік карталарын сату және толықтыру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ кассалық есептілікті қамтамасыз етеді.

Бұл лауазым үшін де ресми жұмысқа орналасу және ауысымдық жұмыс кестесі қарастырылған.

Қалай өтініш беруге болады?
Үміткерлер түйіндемелерін электрондық пошта арқылы жолдай алады: hr@cts.gov.kz
Байланыс телефоны: +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207)

Басқа жаңалықтар

Back to top button