Туризм

Астана – Ташкент бағытында жаңа әуе рейстері ашылады

Астана халықаралық әуежайы Centrum Air әуе компаниясының Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосатынын хабарлады.

Жаңа бағыт 2026 жылғы 29 наурыздан бастап жазғы әуе қатынасы кестесі аясында жүзеге асырылады. Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар заманауи Airbus A320 әуе кемелерімен жүзеге асырылып, сапар уақыты шамамен 2 сағатты құрайды.

Әуе билеттерінің ең төменгі бағасы (багажсыз) шамамен 85 мың теңгеден басталады.

Бұл бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын одан әрі нығайтып, жолаушыларға іскерлік, туристік және жеке сапарлар үшін қосымша мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button