Басты жаңалықСпорт

Елордалық дзюдошы Еуропа кубогінде қола жүлде иеленді

Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогі халықаралық деңгейдегі тартысты бәсекелердің біріне айналды. Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 300-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Аталған жарыста Қазақстан намысын қорғаған елордалық спортшы Тұрсынақынова Толқын жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді. +78 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан ол қарсыластарын сенімді жеңіп, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде, қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогінің қола жүлдесін иеленді.

Бұл жетістік – спортшының табандылығы мен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Сонымен қатар, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген астаналық спортшылардың әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Айта кетейік, Дубровникте өтіп жатқан халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады. Жарыс барысында әлі де бірқатар салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button