Қоғам

LRT бойында бағдаршамдар пайда болды: Ол не үшін керек өзі?

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жұрт LRT бойында жаңа бағдаршамдарды көріп, “пойызға да бағдаршам қоя ма?” деп таң қалып жатыр.

Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы былай деп түсіндірді:

Жалпы, LRT желісінде 187 бағдаршам орнатылған екен. Олар тек жолдың бойында ғана емес — станцияларда, аралықта, тіпті депоның ішінде де тұр.

Бірақ мұнда бір нюанс бар.

Пойыздар негізі бағдаршамға қарап жүрмейді. Барлық қозғалыс автоматты жүйемен басқарылады. Яғни, бәрін компьютер өзі есептеп, бақылап отырады.

Ал бағдаршамдар не үшін керек сонда?

Мамандардың айтуынша, олар “сақтық үшін” қойылған. Егер бірдеңе дұрыс болмай қалса немесе пойызды қолмен басқару керек болса — сол кезде бағдаршамдар іске қосылады.

Қарапайым тілмен айтқанда:
“Жүйе бар, бірақ қосымша бақылау артық етпейді” деген мағына.

Сондықтан желіде тарағандай “түсініксіз нәрсе” емес, керісінше қауіпсіздік үшін жасалған шешім екен

Басқа жаңалықтар

Back to top button