Қоғам

Қабанбайдың бойы жасыл желекке айналады дейді

Қабанбай батыр даңғылы бойы жақында кәдімгідей өзгереді

Есіл аудан әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы аппарат қызметкерлерімен  бірге LRT өтіп жатқан құрылыс учаскесін аралап шықты.

Қабанбай батыр даңғылы енді жасыл желекке оранады. Жоспар бойынша, даңғыл бойына 3000-нан астам ағаш отырғызылмақ. Жөке, қарағаш — яғни біраз уақыттан кейін бұл жақ жасыл “аллеяға” айналады. Оған сәл уақыт керек.

Даңғыл бойына тек ағаш отырғызылмайды. Енді ол жақта:
— веложол салынады
— жаяу жүргіншіге ыңғайлы тротуарлар көбейеді
— орындықтар орнатылады
— қоқыс жәшіктері де қойылады

Қысқасы, қазір құрылыс, қызу жұмыс. Ал біраздан кейін даңғыл бойында серуендейтін, демалатын әдемі орындар көбейеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button