Технология

Жолға шықсаң, лазер шоу көресің

Aқылы трассаларда жаңа технология — лазерлік бағдарлау жүйесі орнатылып жатыр. Бұл жұмысты «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» жүргізуде. Қазірдің өзінде ол 22 жол учаскесінде пайда болуда. Оның ішінде Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз бағыттары бар.

Бұл жүйе қалай жұмыс істейді?
Жолдың бойына арнайы жарық сызықтары түседі. Әсіресе түнде немесе тұман, жаңбыр кезінде сол сызықтар жолды анық көрсетіп тұрады.

Қарапайым айтқанда, жолдың өзі саған бағыт көрсетеді.

Бұл не береді?
– жолдан адаспайсың
– көлік жүргізу жеңілдейді
– ұйқышылдық азаяды
– қауіпсіздік артады

Ұзақ жолда жүргенде кейде көз шаршап, жол белгілеріне мән бермей қалуыңыз мүмкін ғой. Ал бұл жарық сызықтар үнемі көрініп тұрады.

Айтпақшы, шетелде осындай жүйе қойылған жолдарда апат саны 40–50% азайған екен.

Сондықтан жүргізушілер де бұл жаңалықты жақсы қабылдап жатыр — түнде жүру бұрынғыдан әлдеқайда жеңіл дейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button