Мәдениет

«Өзбекәлі» ел аралауға шықты

Өткен жылы көрермен ықыласына ие болған «Өзбекәлі» биыл жаңа серпінмен оралды.

«Өзбекәлі» спектаклі қайта сахнаға оралып, Қазақстан бойынша гастрольдік турын бастады.

Қойылым қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына орай ұсынылып отыр. Биыл спектакль еліміздің 18 қаласында көрсетіледі.

Алғаш рет 2025 жылы сахналанған туынды көрерменнің ыстық ықыласына ие болған. Бұл жолы қойылым жаңа тыныспен қайта ұсынылуда.

Спектакльде Өзбекәлі Жәнібектің өмір жолы, ұлт мәдениетін жаңғыртудағы еңбегі және тұлғалық болмысы көркем түрде ашылады. Қойылымның негізгі өзегі – жеке тағдыр мен ел алдындағы жауапкершілік арасындағы таңдау.

Бұл «ұлтқа қызмет ету деген не?» деген сұраққа жауап іздейтін қойылым.

Жобаның мақсаты – тарихи тұлғаның мұрасын кеңінен таныту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Астанадағы қойылым:

• 6 сәуір, Жастар сарайы (20:00)

• 8 сәуір, Ә.Мәмбетов театры (19:00)

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.

Басқа жаңалықтар

Back to top button