Спорт
Астанада волейболдан әйелдер арасында 34-ші Қазақстан чемпионаты басталды
Бас қалада волейболдан әйелдер командалары арасындағы 34-ші Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Елдің үздік командалары бас қосқан жарыс тартысты ойындарға толы болмақ.
Чемпионат «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр. Турнир аясындағы ойындар күн сайын сағат 11:00-де басталып, кешке дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 9 сәуір күні демалыс жарияланып, бұл күні ойындар өткізілмейді. Ал шешуші финалдық кездесу 12 сәуірге жоспарланған.
Жанкүйерлер үшін жағымды жаңалық — чемпионат ойындарына кіру тегін. Қала тұрғындары мен қонақтары келіп, елдің үздік волейболшыларына қолдау көрсете алады.
Бұл чемпионат әйелдер волейболын дамытуға, спортқа деген құлшынысты арттырып, үздік командалар анықталады.



