Қоғам

Перрондағы қуаныш: Астаналық сарбаздар әскерден оралуда

Елорданың теміржол вокзалында бір топ сарбазды жақындары көздеріне жас алып, құшақ жая қарсы алды. Бір жыл бұрын әскерге аттанған жігіттер енді міне, елге аман-есен оралды.

Бұл жолы әскерден 37 сарбаз қайтты. Олар өткен көктемде Алматыдағы әскери бөлімге барып, Отан алдындағы борышын өтеп келді. Перронда сарбаздары ата-анасы, достары ғана емес, қорғаныс саласының өкілдері де күтіп алды.

Сарбаздар сапқа тұрғанда, Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілі, полковник Гани Артықов сөз сөйлеп, жігіттерге де, оларды күткен ата-аналарға да алғысын білдірді.

Жалпы, 2025 жылдың көктемінде Астанадан 1200-ден астам жас әскерге кеткен еді. Енді солардың алғашқы легі туған қаласына оралып жатыр. Ал олардың орнына биыл тағы 1400-ден астам жас Отан қорғауға аттанады.

Бірі қайтып келіп жатса, енді бірі жолға жиналып жатыр — өмірдің өзі сияқты, бәрі кезекпен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button