Технология
Машинистсіз 19 вагон: Астанада LRT қалай сынақтан өтуде

Қалада жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынағы жаңа деңгейге өтті. Яғни бірден 19 құрам жолға шықты. Бұл дегеніміз, жүйе жай тексеріс емес, толыққанды жұмыс режиміне жақындап қалды деген сөз.
Ең қызығы — пойыздар машиниссіз жүреді. Яғни бәрі толық автоматты GOA4 деңгейінде басқарылмақ. Қарапайым тілмен айтсақ: жүргізуші жоқ, бәрін жүйе өзі реттейді.
Қазір не тексеріліп жатыр?
– Пойыздардың қозғалыс кестесі
– Жолаушылардың міну-түсу процесі
– Стансада қанша уақыт тұратыны
– Жалпы жүйенің жұмысы
LRT ның негізгі құрамы 19, бірақ күнделікті жұмыста 15-і ғана жүреді.
Қысқасы, LRT енді жай жоба емес — іске қосылуға бір қадам жақындаған жүйе.



