Спорт

22 ел, 125 спортшы арасынан оза шапты

Пара үстел теннисінен турнир

Түркияның Ялова қаласында өткен ITTF World Para Future Yalova халықаралық турнирінде астаналық спортшылар жоғары нәтижелерімен көзге түсті. Дүбірлі додаға әлемнің 22 елінен 125 спортшы қатысып, шеберлік пен төзімділіктің нағыз үлгісін көрсетті.

Астана намысын қорғаған үш спортшы – Александра Степанова (4-класс), Гульмира Кайдасова (7-класс) және Балзия Таш (8-класс) халықаралық аренада ел абыройын лайықты деңгейде қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Балзия Таш жекелей сында күміс жүлдеге қол жеткізсе, Гульмира Кайдасова ресейлік серіктесімен бірге аралас жұптық сында (XD14) қола медаль еншіледі. Бұл нәтижелер елордалық спортшылардың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Аталған турнир – пара үстел теннисіндегі маңызды жарыстардың бірі. Мұнда жүлде алу – үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі. Елорда спортшыларының жетістігі – отандық параспорттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін жарқын мысал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button