БілімҚоғамМәдениет

“700 теңгеге де кітап ала аласыз”

Еуразияға ортақ ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде әдетте өте көп кітаптар жеңілдікпен сатылады. Кіру тегін.

Қазақстандағы кітапсүйер қауым үшін басты мәдени оқиғалардың бірі – ASTANA EURASIAN BOOK FAIR – 2026 көрме-жәрмеңкесі елордада өтеді. 22–26 сәуір аралығында ұйымдастырылатын ауқымды шара Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында (Бөкейхан көшесі, 1а) өтпек.

Халықаралық деңгейдегі бұл көрме-жәрмеңке жыл сайын баспагерлерді, авторларды, әдебиеттанушыларды және оқырмандарды бір алаңға жинайды. Қатысушылар жаңа кітаптардың тұсаукесеріне куә болып, отандық және шетелдік баспалардың өнімдерімен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, түрлі кездесулер, автограф-сессиялар мен әдеби пікірталастар ұйымдастырылады.

Айта кету керек, көрмеге кіру тегін. Келушілер күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қатыса алады. ASTANA EURASIAN BOOK FAIR – 2026 – кітап әлеміндегі жаңалықтарды ашып, рухани байлықты арттыруға тамаша мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button