Денсаулық

Мектептегі мәзір өзгерді: енді балалар не жейді?

Астанада мектеп оқушылары үшін ас мәзірі жаңартылды. Бұл өзгеріс балалардың денсаулығын жақсарту үшін жасалып отыр.

Жаңа мәзірді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бекіткен. Ол 2026 жылдың 19 наурызында қабылданып, 1 сәуірден бастап мектептерде қолданыла бастады.

Енді оқушыларға бұрынғыдай фастфуд немесе газды тәтті сусындар берілмейді. Оның орнына пайдалы тағамдар көбейді. Мысалы:

  • ет
  • балық
  • сүт өнімдері

Бұл тағамдар баланың дұрыс өсіп-жетілуіне көмектеседі.

Тағы бір жаңалық — оқушыларға аптасына бір рет ұлттық тағам бесбармақ яғни ет беріледі.

Жалпы, бұл өзгерістердің мақсаты — оқушыларды дұрыс тамақтануға үйрету және олардың денсаулығын нығайту.

Басқа жаңалықтар

Back to top button