ДемалысҚоғам

Ұшақта НАШАР ОРЫНҒА тап болмау үшін…

Көп адам терезе жанындағы орынды алып, кейін қараса – терезе жоқ немесе орындықтың арқасы шалқаймайды. Осындай жағдайға түспеу үшін қарапайым лайфхак бар.

SeatMaps – тегін сайт, ол ұшақтағы әр орынды нақты көрсетеді. Қай авиакомпания болса да (Қазақстандықтарды қоса), рейс нөмірін енгізесіз – толық карта шығады.

Түстер нені білдіреді?

🟢 – Өте ыңғайлы орындар

🟡 – Аздаған кемшілігі бар (мысалы, көрініс шектеулі)

🔴 – Ыңғайсыз орындар (арқасы шалқаймайды, шу көп, терезе жоқ)

Неге мән беру керек?

• Апаттық шығу есігінің жанындағы орындар – жиі арқасы шалқаймайды

• Алдыңғы қатарлар – шу көп, кейде тар болады

• Қабырға (перегородка) алдындағы орындар – аяқ созуға орын жетпеуі мүмкін

Егер орынды алып қойып, кейін ұнамай қалса – авиакомпанияға хабарласуға болады. Көп жағдайда, әсіресе баламен ұшсаңыз, басқа орынға тегін ауыстырып береді.

✈️ Кішкентай ғана тексеріс – сапарыңызды әлдеқайда жайлы етеді!

Басқа жаңалықтар

Back to top button