Спорт

Астанада веломаусым ашылады — дайынсың ба?

25 сәуір күні елордада жазғы веломаусымның ресми ашылуы өтеді. Бұл жай ғана велошеру емес — көңіл-күй, қозғалыс және пайдалы әдеттер мерекесі.

Қатысушыларды 21 шақырымдық маршрут күтіп тұр. Жол Қосшы бағыты жақтағы айналма веложолдан басталып, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында аяқталады. Яғни, таза ауа, әдемі табиғат және керемет атмосфера.

Қатысқың келсе, 25 сәуір күні таңертең сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін тіркелу керек. Ал старт — дәл 09:00-де! Бірақ бір нюанс бар: қатысушылар саны 700 адаммен шектеледі, сондықтан кешігіп қалма.

Жақсы жаңалық — қатысу тегін және жасқа шектеу жоқ. Яғни, достарыңды, отбасыңды алып, бірге келуге болады.

Тағы бір “вау” сәт — велошеру соңында қатысушылар арасында лотерея ойнатылып, бағалы сыйлықтар беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек велосипед тебу емес. Бұл — салауатты өмір салтын насихаттайтын, адамдарды біріктіретін ерекше күн.

Қысқасы: спорт, атмосфера, сыйлықтар — бәрі бір жерде. Велосипедің дайын ба?

Басқа жаңалықтар

Back to top button