Басты жаңалық
Армениямен әуе қатынасы қайта жанданды

Қазақстан Армениямен тікелей әуе қатынасын қайта бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.
18 сәуірден бастап SCAT әуе компаниясы Ақтау – Ереван бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі) тұрақты рейстерді орындауда. Ұшулар Boeing 737 ұшақтарымен жүзеге асырылады.
Ал 20 сәуірден бастап армениялық SHIRAK AVIA Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі) рейс ашты.
Жаңа бағыттар Қазақстан мен Армения арасындағы сауда, туризм және іскерлік байланысты нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.



