2025–2026: FC Astana U-17 – футзалдан Қазақстан чемпионы

19 сәуір күні Семей қаласында футзалдан 2025–2026 жылғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста жоғары деңгейде өнер көрсеткен FC Astana U-17 командасы финалда «Сақтаған академиясын» 4:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды.
Екінші орынды «Сақтаған академиясы» иеленсе, үшінші орын үшін өткен кездесуде «Каспий» командасы «Бәйтерек» командасын 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды.
Турнир барысында үздік ойыншылар да анықталды.
«Каспий» командасынан Жан Пурханатдин – үшінші орын үшін өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.
«Сақтаған академиясынан» Жан Усербаев – үздік шабуылшы деп танылды.
Чемпион атанған FC Astana U-17 құрамынан Қуат Исмайл – турнирдің үздік ойыншысы,
Маратов Ануар – үздік қақпашы атанды.
Бұл жетістікте 19 жастағы Даниал Бегалының еңбегі ерекше аталды. Ол өзін тек «Astana» футзал клубының негізгі құрамасының ойыншысы ретінде ғана емес, сонымен қатар FC Astana U-17 командасының жас әрі жігерлі бапкері ретінде де көрсете білді.
Ол шәкірттеріне сенім ұялатып, оларды тек футзалға ғана емес, тәртіпке, жауапкершілікке және жеңіске ұмтылуға баулып келеді.
Авторы: Еркенұр Дәуренқызы.



